Мәскеу-Теһран рейстері қайта басталды
https://itolqyn.com/news/world-i48995-Мәскеу_Теһран_рейстері_қайта_басталды
Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы бүгін, 19 қарашадан бастап Теһран мен Мәскеу арасындағы тікелей рейстерді қайта бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 18, 2020 16:03 Asia/Almaty
  • Мәскеу-Теһран рейстері қайта басталды

Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы бүгін, 19 қарашадан бастап Теһран мен Мәскеу арасындағы тікелей рейстерді қайта бастады.

 

Ресей Федерациясы Авиациялық Агенттігінің шешімімен коронавирусқа  байланысты Иранға және басқа да көптеген елдерге тоқтатылған бұл компанияның рейстері сәрсенбіде жұмысын қайта бастады. Ресейлік компанияның мәліметінше, Теһран-Мәскеу рейстері әр жексенбі мен сәрсенбіде ресейлік «Су» ұшақтарымен жүзеге асырылады.