Адам құқығын қорғау ұйымы АҚШ федералдық үкіметінің бұрын соңды болмаған қатігездігін сынады
АҚШ өзін әлемде адам құқығы мен демократияны қорғайтын ел деп санайтынына қарамастан, халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары осы елдегі адам құқығының сақталу жағдайына ауқымды сын-пікір айтты.
Осы орайда Hill ақпарат агентігінің АҚШ-та орындалған федералдық өлім жазалары санының бұрын‑соңды болмаған деңгейге жетуі жайлы есебі жарияланғаннан кейін Адам құқығын қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Росс Твиттердегі жеке парақшасында бұл елде бұрын‑соңды болмаған қатігездіктерді сынады.
Адам құқығын бұзатын ең ірі ел ретіндегі АҚШ әрдайым өз халқы мен әлемнің қоғамдық пікіріне жауап беруден қашу үшін басқа елдердегі адам құқығының бұзылу жайттарын, өлім жазасына кесу және оны орындау санының көптігін сынайды. Қазіргі таңда Адам құқығын қорғау ұйымы Трамп үкіметінің осы саладағы әрекеттеріне күмән тудырды. Соңғы жазадан 17 жыл өткенде 2020 жылы шілде айында Трамп үкіметінің бұйрығымен АҚШ түрмелері коронавирус таралғанына қарамастан қайтадан федералдық өлім жазасын орындай бастады. 2020 жылы 10 адамға федералдық өлім жазасы орындалды. Ал жалпы АҚШ штаттарында 7 адамға өлім жазасы орындалды.
АҚШ Мемлекеттік департаменті жыл сайын басқа елдердегі адам құқығының жағдайы туралы ауқымды есеп жариялайды. Осы тақырыпты сылтауратып, әсіресе АҚШ-қа бәсекелес әрі дұшпан елдерді саяси-жарнамалық шабуылдардың астына алады. Осы жылдық есепте көңіл аударылатын жайттардың бірі – әсіресе АҚШ-қа бәсекелес әрі дұшпан елдерде, соның ішінде Қытайда өлім жазасына кесілгендер мен үкімдері орындалғандар саны. Трамп үкіметі Иранда тыңшылық жасап, билікті құлатуға әрекет етті деп айыпталған Рухолла Зам дарға асылғаннан кейін мұны қатты сынады. Сауал мынада: егер АҚШ үкіметі тұрғысынан өлім жазасына кесу адамдыққа қарсы, адам құқығына қайшы саналса, неге Трамп үкіметі өлім жазасын орындауды қайта бастап, АҚШ-та өлім жазасын орындау жөнінен рекорд жасады?
Ресейлік саяси сарапшы Андраник Мигранянның айтуынша, АҚШ әлемдегі басқа елдерден көбірек адам құқығын бұзады. АҚШ әрдайым терроризм сияқты мәселелерге қатысты екіжүзді критерийлер қолданып отыр, адам құқығы мәселесі туралы да осындай қатынас ұстануда. Демократияны қорғаушымын деп уәж айтатын АҚШ елдегі адам құқығының ушыққан жағдайына қатысты көптеген сауалардарға жауап беруден қашу үшін басқа елдерді адам құқығына қатысты екіжүзді критерий ұстанады деп айыптайды. Сөйтіп, БҰҰ Адам құқығы кеңесіне де күмән тудырып отыр. Шын мәнінде АҚШ – әлемдегі ең ірі адам құқығын бұзушы.