Қаң 14, 2021 23:15 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның коронавируспен күрес саласына тағы кедергі келтірді

АҚШ 2018 жылы мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін барынша қысым саясаты аясында Иранға қарсы біржақты ауыр санкциялар салды, тіпті коронавирус жайлаған қазіргі заманда да өзінің антигуманистік қатынасын жалғастырып жатыр. Трамп үкіметі өзінің соңғы күндерінде Иранның коронавируспен күрес саласына қатысты жаңа бүлдіргі әрекеттер жасады.

АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні Дональд Трамптың президенттік өкілеттігінің аяқталуына бірнеше күн қалғанда 2 ирандық тұлға мен 16 компанияны «Санкцияға ұшыраған азаматтар мен жеке тұлғалар» тізіміне енгізді. Құдс-е Разави облысындағы «Баракат» іргелі ғылымға негізделген компания да осы тізімге ілікті. Бұл компания Иранда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны өндіруге талпынып жатыр.  

Трамп үкіметі соңғы 2,5 жылда, яғни барынша қысым саясаты аясында Иранға қарсы біржақты санкциялар салуды күн тәртібіне қойған кезден бастап ешқандай гуманистік ырай танытпады. Қазір де Трамп үкіметі Иран халқына қысымды күшейту үшін вакцина жасау саласында зерттеу жүргізіп жатқан маңызды институттардың бірін, яғни «Баракат» іргелі ғылымға негізделген компанияны санкцияға ұшырағандар тізіміне енгізді.

Теһран талай рет мәлімдегендей,  АҚШ-тың Иран халқына қарсы біржақты жауластық шаралары коронавирус жайлаған шақта дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарға қол жеткізу мүмкіндігін қиындатты.

NPR арнасының тілшісі Джекки Нортамның айтуынша, АҚШ-тың санкциялары Иран экономикасына қысым жасап, оның медициналық қызмет жүйесіне зиян тигізді.    

Қазір кейбір елдерде көптеп өндіріле бастаған вакцинаны сатып алу мәселесінде де осы қиындық бар. Аталмыш тақырыпты назарға ала отырып, Теһран коронавирусқа қарсы ирандық вакцинаны өндіруге талпыныс жасауда. 8 ирандық институт, соның ішінде «Баракат» іргелі ғылымға негізделген компания осы салада байсалды жұмыс істеп жатыр. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи АҚШ пен Ұлыбританиядан вакцина импорттауға тыйым салу туралы нық позиция білдіргенінен кейін Вашингтон бұған ашу-ыза білдірді. Бұл америкалық фармацевтикалық  компания жасаған вакцинаның (Pfizer) тиімділігіне күмән тудырады. Бүгін Трамп үкіметі кек алу үшін вакцина жасау саласында жұмыс істеп жатқан бір ирандық компанияға санкция салу арқылы ирандық вакцинаның көптеп өндірілу үдерісіне тоқсауыл қойғысы келеді.

АҚШ Қаржы министрлігінің бұрынғы аға қызметкері әрі саяси сарапшы Элизабет Розенберг АҚШ-тың экономикалық санкциялары мен қысымдары әсерінің Иранның медициналық құрал-жабдықтарға қолжетімдігінің қиындауынан байқалатынын айтты.

Коронавирус таралған шақта АҚШ-тың Иранға қарсы зұлым санкцияларының жалғасуы және коронавируспен күреске қажетті құрал-жабдықтарға қолжетімділік саласында түрлі шектеулер енгізуі осы елдің  Иранның медициналық жүйесіне барынша қысым жасап жатқаны туралы мәселенің көтерілуіне себеп болды. Қазір Трамп үкіметі Иранға қарсы «экономикалық терроризммен» қатар «медициналық терроризмді» қолданып отыр. Яғни бұл адамзатқа қарсы қылмыс жасалып жатыр деген сөз.

Тегтер