Қаң 24, 2021 21:55 Asia/Almaty
  • Америкалықтар осы елдің Moderna мен Pfizer фармацевтикалық компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасына сенбейді

АҚШ-тың Moderna мен Pfizer фармацевтикалық компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасын салдырғандар арасында қайтыс болғандар санының артуына байланысты АҚШ халқы осы вакцина арқылы індеттен құтылу үмітінен айырылып, реалистік және тіпті пессимистік көзқарасқа ие болды.

NBC News ақпарат арнасының хабарлауынша, АҚШ пен түрлі елдерде Moderna мен Pfizer фармацевтикалық компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасы таратылған бірнеше күнде оны еккенде туындаған күшті қосалқы әсерлер мен тіпті өлімге әкелген жағдайларға наразылықтар артты.

АҚШ-та "Вакцинаның қосалқы әсерлері туралы есеп" беретін федералдық сайтта (VAERS) жарияланған мағлұматтарға сәйкес, осы күнге дейін бұл елде 55 адам Pfizer мен Moderna вакцинасын еккен соң көз жұмған, жүздеген адам денсаулығына қатер төндірерлік әсерлерге ұшыраған.

АҚШ-тан бөлек, осы күнге дейін көптеген елдер Pfizer вакцинасын еккеннен кейін қосалқы теріс әсерлердің пайда болғанын хабарлады.

АҚШ қазір коронавирусқа шалдыққандар мен қаза болғандар саны жөнінен әлемде көш бастап тұр.

Тегтер