Зариф: АҚШ-тың өзі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға міндетті
(last modified Fri, 29 Jan 2021 13:29:41 GMT )
Қаң 29, 2021 19:29 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың өзі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға міндетті

Иран Сыртқы істер министрі: «Енді АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайта оралып, өз міндеттемелерін орындауы керек»,-деп қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлымен ортақ баспасөз конференциясында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтуы туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің кешегі сөздеріне  тоқталып: «АҚШ, Иран мен тағы 5 ел келіссөз жүргізіп, барлық тақырыптарды ұзақ талқылағаннан кейін ядролық келісімге қол қойған еді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де оны растады»,-деді.

Зариф АҚШ-тың ядролық келісімнен шыққанын айтып: «АҚШ келісімнен шығып қана қоймай, оған беріктігін сақтаған адамдарға санкция салып, қысымға алуға шешім қабылдады. Бұл – шынымен-ақ заңбұзушылықтың айқын үлгісі»,-деді.