Халықаралық әділет соты АҚШ-тың наразылығын қабылдамады
(last modified Thu, 04 Feb 2021 13:33:43 GMT )
Ақп 04, 2021 19:33 Asia/Almaty
  • Халықаралық әділет соты АҚШ-тың наразылығын қабылдамады

Гаага қаласында орналасқан Халықаралық әділет соты сәрсенбі күні, 3 ақпанда АҚШ-тың осы сотта Иранның Вашингтонға қарсы шағымын қарауға өкілеттігі жоғын теріске шығарды. Сот қазылары 15 оң дауыс және 1 қарсы дауыспен АҚШ-тың бастапқы уәжін қабылдамай тастады.

Бұл дауыстың мәні мынада: Халықаралық әділет соты ИИР-ның АҚШ үкіметіне қарсы шағымын қарастыруға өкілеттігі барын растайды және Иран түсірген шағым туралы сот үдерісін бастайды. Теһран бұл үкімді тағы бір жеңіс деп атады.

АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, біржақты санкциялар салғаннан кейін Иран 2018 жылы 16 шілдеде АҚШ-ты халықаралық міндеттемелерін, соның ішінде 1955 жылғы Достық, экономикалық қатынас және консулдық құқық хаттамасын бұзды деп айыптап, оның үстінен Халықаралық әділет сотына шағым түсіріп, Трамп үкіметі кезінде Теһранға салынған санкциялардың жойылуын талап етті.

Иранның шағымы бастапқы қараудан өткеннен кейін Халықаралық әділет сотының қазылары 2018 жылы 3 қазанда Иранның АҚШ-қа қарсы шағымын қарауға өкілетті екендерін бірауыздан мәлімдеп, АҚШ-тың Иранға қарсы дәрі-дәрмек, азық-түлік, ауыл шаруашылығы және авиация салаларына салған антигуманистік санкцияларын жойылуына дауыс берді. Халықаралық әділет соты: «Бұл орган АҚШ-тың Иранға қарсы кейбір санкцияларының тараптардың 1955 жылғы Достық хаттамасындағы кейбір құқықтары мен міндеттемелеріне қатысы барын түсінді»,-деп мәлімдеді. Бұған қарамастан, АҚШ аталмыш үкімге көңіл аудармай, Достық хаттамасынан шығатынын мәлімдеді. Шын мәнінде АҚШ Трамп үкіметінің соңғы күндеріне дейін барынша қысым саясаты аясында Иранға қарсы үстеме санкциялар салды.

Шағым қарастырыла бастағаннан-ақ Вашингтон ұдайы Халықаралық әділет сотының бұл істі қарауға заңды өкілетігінің жоқтығын айтып келді. Трамп үкіметі Иранды халықаралық қауіпсіздікке шынайы қатер деп атап, оған санкция салуды қажетті іс деп уәж айтты. Халықаралық әділет сотының жуырдағы үкімі Иранның әлем елдері мен қоғамдық пікірде саяси беделінің артуына және ұстанымының нығаюына септігін тигізеді. 

Мұнымен бір мезгілде бұл үкім АҚШ-қа ауыр соққы саналады. Өйткені оның халықаралық сахнадағы зорлықшыл саясаты тағы да жеңіліс тапты.

Тегтер