Сеул: АҚШ Иранның кейбір активтерін босатуға келісті
Ақп 26, 2021 16:26 Asia/Almaty
Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлерінің бірі АҚШ-тың Иранның бұғатталған кейбір активтерін босатуға келіскенін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің KBS TV желісіне сілтеме жасап берген мәліметінше, бұл кореялық қызметкер бейсенбі күні: «Ақша аудару Швейцария банктері арқылы жүзеге асырылады. Құрама Штаттар іс жүзінде Иранның кейбір активтерін Швейцария банктері арқылы аударуға келісім берді, бірақ оны қалай аудару туралы пікірталастар жалғасуда»,- деді.
Сәрсенбі күні Иран Орталық банкінің бас директоры Абдулнасыр Хеммати: «Орталық банктің Кореяда 7 миллиард доллар ақшасы бар. Кореяның бізге төлемі 1 миллиард доллардан басталады»,- деп хабарлады.
Тегтер