Нау 05, 2021 17:45 Asia/Almaty
  • Ақ үйдің ақпарат өкілі АҚШ-та қатігез экстремизмнің жалғасып жатқанына реакция білдірді

Ақ үйдің ақпарат өкілі қауіпсіздік органдарының АҚШ Конгресіне қарсы қатігездіктің қайталануы ықтимал екенін ескерткеніне реакциясында: «Ел ішінде қатігез экстремизм жойылған жоқ»,-деді.

Дженнифер Псаки күн сайынғы баспасөз отырысында FBI мен Ішкі қауіпсіздік министрлігінің Конгреске қарсы қатігездік қайталану ықтималы жайлы ескертуіне тоқталып: «6 қаңтарда нәсілшілдер мен экстремистер тарапынан басталған үкіметке қарсы қоқан-лоққылар әлі де жалғасып жатыр»,-деп мәлімдеді.  

Дженнифер Псаки: «Қауіпсіздік күштері бұрынғыдай қоқан-лоққы жасаушыларды іздестіруде. Президенттің өзі бұл жағдайды бақылауға алды»,-деді.

Ақ үйдің ақпарат өкілі: «Елдің қауіпсіздік органдары қатігез экстремизм туралы ақпараттарды жүйелі түрде жинап, жылдам сараптап беріп жатыр»,-деп еске салды.  

Кеше АҚШ-тың қауіпсіздік органдары Конгресс мүшелеріне қоқан-лоққы жасалғанын хабарлады.

Тегтер