Мәскеу ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынуына реакция білдірді
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, Думаның төрағасы және ресейлік депутаттардың бірі кейбір ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желіде бұғатталуына реакция білдіріп, бұл әрекетті айыптады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова бұл елдің кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желілердегі парақшалырының бұғатталуына реакция білдіріп, бұл әрекетті Ресейге қарсы ақпараттық соғыстың бір бөлігі және ақпараттық кеңістікті тазарту деп атап, әлемдегі ғаламтор мүмкіндіктеріне еркін қол жетімділік болу үшін жан-жақты құқықтық және халықаралық жолдың болу қажеттілігін қуаттады. Жексенбіде Facebook-те TАСС ақпараттық агенттігі мен Ресейдің RBK жаңалықтар желісінің парақтары бұғатталды.