Байден үкіметінің Иранға қарсы алғашқы санкциялары: Сақшылар корпусының екі қызметкеріне санкция енгізілді
(last modified Wed, 10 Mar 2021 11:10:29 GMT )
Нау 10, 2021 17:10 Asia/Almaty
  • Байден үкіметінің Иранға қарсы алғашқы санкциялары: Сақшылар корпусының екі қызметкеріне санкция енгізілді

АҚШ Мемлекеттік департаменті өз мәлімдемесінде Ислам революциясының Сақшылар корпусының екі қызметкеріне санкциялар салғанын мәлімдеді.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті «адам құқығын бұзу» деп атайтын санкциялар тізіміне Али Хемматиан мен Масуд Сафдариді енгізгенін мәлімдеді. АҚШ үкіметінің Сақшылар корпусы қызметкерлеріне қарсы сейсенбі күнгі санкциялары  АҚШ-тың жаңа үкіметінің басшылары Иранға қарсы «барынша қысым» деп аталатын саясаттың сәтсіздікке ұшырағанын мойындаған кезде салынды. АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байден «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу және келісімге қайта келу үшін дипломатияны қолдануға талпынатынын мәлімдеді. Иран АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы оралуының шарты Трамптың кезінде салынған барлық санкциялардың жойылуы деді.