Ертең "Наурыз-2021" халықаралық радиокөпірі өтеді
(last modified Tue, 16 Mar 2021 14:29:08 GMT )
Нау 16, 2021 20:29 Asia/Almaty
  • Ертең

Биыл 100 жылдық мерейтойын тойлап жатқан Қазақ радиосының ұйымдастыруымен 17 наурызда "Наурыз-2021" халықаралық радиокөпірі өтеді.

Мақсаты – түркі халықтарының әдеби-мәдени жауһарларымен бөлісіп, олардың ұлттық әндерін тыңдаушы қауымға жеткізу.

Радиокөпірге Иран, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Татарстан республикасы радиоарналарының өкілдері қатысады.

 

Осы шараға қатысатын Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының  Орта Азия және Кавказ елдері департаментінің басшысы Борхан Хешмати мырзаның құттықтау хаты:

Борхан Хешмати мырза

 

Бауырлас Қазақстан халқы мен Қазақ радиосының ұжымына

Ираннан дұғай сәлем!

             Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен және осы мейраммен тұспа-тұс келген Қазақ радиосының 100 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Жыл сайын Наурыз өмірдің қайта жаңарғанын сүйіншілеп, әр шаңыраққа шаттық әкеліп, осы ұлы мейрамды тойлайтын барлық халықтардың рухын асқақтатып, көңілін көтеріп, өзара байланысты қайта жаңғыртып, тілеулестікті нығайта түседі.

Қазақ радиосы 100 жылдық мерейтойының Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуін жақсы нышанға балаймын. Радиокөпір ұйымдастырып, ИИР-ның Қазақ радиосын Наурыз мейрамын тойлауға шақырғандарыңызға алғыс айтамын. Бұл екі ел радиолары арасында байланыс орнатылып, әріптестіктің қалыптасуына жағдай жасайды. Сөйтіп биылғы Наурыз бен Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы бізге де, сіздерге де есте қаларлық оқиғаға айналатынына сенімдімін.

Иран мен Қазақстанның бауырластық пен тілеулестік мейрамы – Наурыз құтты болсын!

 

Тегтер