Байден үш рет құлады, АҚШ Президентінің денсаулығы туралы ауыр сыбыстар
(last modified Sat, 20 Mar 2021 09:36:53 GMT )
Нау 20, 2021 15:36 Asia/Almaty

Ұшаққа көтеріліп бара жатқан АҚШ Президенті Джо Байденнің аяғы тайып, ол үш рет құлап, өзінің денсаулығы туралы қауесетті көбейтті.

Fars News агенттігінің жұма күні хабарлауынша, АҚШ тарихындағы ең қарт президент, 78 жастағы Байден,  американдық-азиялық қоғамдастық басшыларымен кездесуге аттанар алдында ұшаққа баспалдақпен аман-есен көтеріле алды және оның үстінде тұрып,  әскери  сәлемін берді. Бұдан бұрын, өткен қараша айының басында АҚШ президенті иттерінің бірімен ойнау кезінде аяғын сындырып алып, бірнеше апта бойы ортопедиялық таңғыш қолдануға мәжбүр болды.