Иран мен Қытай жан-жақты ынтымақтастық құжатына қол қойды
https://itolqyn.com/news/world-i51408
Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері бір рәсім барысында екі елдің жан-жақты ынтымақтастық құжатына қол қойды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 27, 2021 18:37 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай жан-жақты ынтымақтастық құжатына қол қойды

Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері бір рәсім барысында екі елдің жан-жақты ынтымақтастық құжатына қол қойды.

2015 жылы Қытай Президентінің Иранға сапары барысында ұсынылған бұл құжат Иран мен Қытай арасында бір жол картасы саналады, сондықтан екі ел қарым-қатынасын әдеттегі қалыптан шығарып, стратегиялық сипат бере алады. Бұл құжатта түрлі салалар қамтылған. Екі елдің стратегиялық саясаты мен экономикасы, сауда-экономикалық және тасымал салалары да қамтылған. Сондай-ақ Иранның Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» жобасына қатысатыны айтылған. Екі ел жеке секторының әріптестігіне ерекше көңіл бөлінген.