Ынтымақтастықты кеңейту – Иран мен Қазақстан сыртқы істер министрлерінің кездесуінің басты тақырыбы
Иран мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесу барысында екіжақты мәселелер мен аймақтағы өзгерістерді талқылады.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф бүгін (сәрсенбі) таңертең Орта Азия елдеріне сапарын жалғастырып, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Зариф өз әріптесімен өткізген бірлескен баспасөз конференциясында Қазақстанда болуына ризалығын білдіріп: «Иран мен Қазақстан арасындағы тарихи, мәдени, саяси және экономикалық ынтымақтастық өте маңызды, және осы ортақтықтар бізді байланыстырады. Біз Қазақстанға халықаралық аренада ИИР қолдағаны үшін алғысымызды айтамыз, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі мәселелердегі, олардың ішінде ядролық тақырыпқа байланысты ұстанымы мен Сирияға қатысты «Астана үдерісінің» оң рөліне өте ризамыз»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі Қазақстанның Инчебурун, Бандар Аббас пен Чабаһардаға жобаларға қатысуына тоқталып: «Біз қазақстандық достарымыздың осы қатысуды арттыруына қуаныштымыз боламыз. Иран Қазақстанның халықаралық суларға шығу жолы бола алады»,- деп қуаттады.