Имран Хан Ислам ынтымақтастығы ұйымының исламофобиямен күресін қуаттады
Пәкістан Премьер-министрі Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді исламофобиямен батыл күресуге шақырып: «Исламды терроризммен байланыстыру әділетсіздік»,- деп мәлімдеді.
Имран Хан Исламабадта Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің елшілерімен кездесуінде бұл елдерді исламофобиямен табанды түрде күресуге шақырды. Пәкістан Премьер-министрі осыған байланысты: «Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тіл тигізу 1,5 миллиард мұсылманға әсер етті және исламдық елдер Батыс әлемін бұл сөз бостандығы емес деп сендіре алмайды»,- деді. Пәкістан Премьер-министрінің Исламабадта Ислам елдерінің елшілерінің кездесуінде исламофобияға қарсы тұру қажеттілігі туралы сөздері исламдық елдер үшін үлкен қажеттілікті көрсетеді. Бұл күресті кейінге қалдыру ислам дұшпандарының зұлымдықтарын күшейтуіне себеп болуы мүмкін. АҚШ пен кейбір еуропалық елдер соңғы онжылдықтағы айлакерлік саясат шеңберінде исламофобияны таратып, исламдық елдерге қысым жасау жобаларын алға ілгерлетуде. Бұл мәселе бүкіл әлем мұсылмандары үшін кейбір жағымсыз ойларға әкелді. Имран Ханның Батыс елдерінің исламофобия бағдарламасына қарсы исламдық елдердің үздіксіз және шешуші күресі туралы айтқан сөздері ислам дұшпандарының екі негізгі ұстанымдарына бағытталған. Біріншіден, терроризмді мұсылмандарға жатқызу арқылы олар исламның қатал бейнесін ұсынып, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы, әсіресе ислам елдеріне араласулары мен әртүрлі елдерге қарсы әскери шабуылдарын ақтайды. Екіншіден, терроризм мен зорлық-зомбылықты мұсылмандармен байланыстыра отырып, оларды Батыс елдеріндегі жеке және әлеуметтік құқықтарынан айыруды және мұсылман емес қоғамдардағы мұсылмандарды оқшаулау саясатты жүргізуді көздеуде. Батыс елдері исламофобияны күн тәртібіне қойған жағдайда, Ислам ынтымақтастық ұйымы ислам елдері арасындағы үйлестіруші орган ретінде исламофобияға тиімді қарсы тұрудың механизмін ұсынады және олардың бірі бұл саясатты жүргізіп отырған елдердің тауарларына санкция енгізу болады деп күтілуде.