Шіл 09, 2021 18:44 Asia/Almaty
  • Ресей долларға тәуелділікті жоюға бағытталған жаңа қадам жасады

Ресейдің Қаржы министрлігі долларға деген тәуелділікті жою саласында елдің ұлттық байлық қорындағы шамамен 65 миллиард долларды құрайтын долларды толығымен алып тастап, оны басқа валюталарға айырбастау туралы жариялады.

Ресейдің Қаржы министрі Антон Силуанов бұған дейін Ресейдің өзінің ұлттық байлық қорының 35 пайызын құрайтын долларлық үлесін, нөлге дейін төмендететінін мәлімдеген.

Ресейдің ұлттық байлық қоры  - Ресей активтерінің бір бөлігін сақтау үшін құрылған қор, онда мұнай мен газды сатудан түскен қосымша кірістер сақталады және қажет болған жағдайда үкімет одан қолданады.  Қазіргі кезде қордың балансында 185 миллиард 900 миллион доллар сақталуда.  

АҚШ компаниялар мен банктердің және халықаралық қаржы жүйесінің долларға тәуелділігін басқа елдерді өз талаптарын орындауға мәжбүр етуге немесе  АҚШ мүдделеріне сәйкес келмейтін саясат пен әрекеттерді жүзеге асыруға жол бермеу үшін сан рет пайдаланды. Бұл мәселе қарсылас елдердің және тіпті Вашингтонның еуропалық одақтастарының реакциясын тудырды және басқа елдердің  біртіндеп АҚШ-тың долларды басқа, әсіресе Вашингтонға қарсылас елдерге қарсы экономикалық, сауда және қаржылық қысым көрсету құрал ретінде пайдалануына тыйым салу қажет деген жаһандық ұстанымның қалыптасуына әкелді. Қаржы мәселелер сарапшысы Аласдэйр Маклеод: «АҚШ долларды қару ретінде пайдаланады.  АҚШ халықаралық қаржы жүйесінің әлі де долларға баламасы жоқ екенін біледі, сондықтан ол осы мүмкіндікті пайдаланып отыр»,- деді.

Ресей 2014 жылы Украина дағдарысынан кейін АҚШ пен Еуроодақтың кең таралған санкцияларымен бетпе-бет келді   және Джо Байден кезінде санкциялар азаймады, керісінше одан сайны артты. Ресей Президенті Владимир Путин ағымдағы 2021 жылдың маусым айында АҚШ-тың долларды саяси және экономикалық соғыстың құралы ретінде қолдануы оның халықаралық резервтік валюта ретіндегі позициясына нұқсан келтіретіні туралы ескертті. Ол халықаралық институттардың бағалауы бойынша, шетелдік резервтік валюта ретінде долларға деген сұраныстың көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ одақтастарында төмендеп бара жатқанын қуаттады. Негізінен халықаралық төлемдердегі долларға тәуелділікті төмендету АҚШ-тың дұшпандық әрекеттеріне қарсы ресейліктердің жауап шараларының бірі болды. Ресей мен басқа елдер арасында осыған байланысты 2013 жылдан 2018 жылға дейін жасалған келісімдер осы тәсілдің сәтті болуының бір себебі болып табылады. Осы кезеңде доллардың Ресейдің саудадағы үлесі 388 миллиардқа төмендеді, ал еуроның үлесі 151 миллиард долларға баламалы 21,9 пайызға өсті. Ресейлік экспорттағы валюталық төлемдер құрылымындағы елеулі өзгерістер бұл саладағы доллардың үлесінің 15,5 пайызға қысқаруына, ал еуро  үлесінің 90 пайызға өсіп, 17,3 пайызға немесе 77 миллиард долларға жетуіне әкелді. Соңғы жылдары АҚШ-тың екі халықаралық бәсекелесі Қытаймен бірге Ресей де өзара сауданың долларсыздануын қадағалап, осы салада айтарлықтай жетістіктерге жетті. АҚШ-тың долларды басқа елдерге соққы беру үшін пайдалануы Вашингтонды қысқа мерзімде өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік бергенімен, бұл саясатты ұзақ мерзімді қолдану АҚШ-қа зиян тигізеді.

 

Тегтер