Талибан: Ауғанстандағы қақтығыстар жайлы ақпарат алмадық
(last modified Mon, 16 Aug 2021 11:03:58 GMT )
Там 16, 2021 17:03 Asia/Almaty

Талибан тобы дүйсенбі күні осы топ күштері Кабулға кіріп, Ауғанстан үкіметі құлағаннан кейін елде қақтығыстар болды деген ақпаратты теріске шығарды.

Талибан тобы дүйсенбі күні: "Талибан күштерінің Кабулға кірген сәтінен осы күнге дейін Ауғанстанның түкпір-түкпірінде ешқандай қақтығыс болмады. Елде жағдай тыныш",-деп хабарлады.

Талибан тобының айтуынша, Талибан күштері дүйсенбі күні таңертең Кабулдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаланың түрлі көшелеріне орналасты.

Талибан күштері кеше, жексенбі күні кешке бейбіт түрде Кабулға кірді. Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғани түнде Кабул әуежайынан ұшып кетті. Ашраф Ғани Тәжікстан, Өзбекстан және тіпті Оманға кетті деген қарама-қайшы ақпараттар тарап кетті.