Араб елдері Ауғанстандағы өзгерістерге түрлі реакция білдірді
(last modified Wed, 18 Aug 2021 09:51:46 GMT )
Там 18, 2021 15:51 Asia/Almaty
  • Араб елдері Ауғанстандағы өзгерістерге түрлі реакция білдірді

Араб елдеріндегі үкіметтер, тұлғалар мен саяси топтар Ауғанстандағы өзгерістерге түрлі реакция білдірді.

Талибан 15 тамызда Кабулға кірген кезде Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғани қаладан қашып кетті. Ашраф Ғани Кабулдан кетісімен Ауғанстан үкіметі құлады. Талибан тобы Кабулды басып алып, Ауғанстандағы соғысты аяқтады.

Түрлі елдер осы күнге дейін Ауғанстандағы өзгерістерге реакция білдірді. Реакциялардың көбі Ауғанстанда Талибанның билікті қолға алуын қабылдағанға саяды. Осы арада араб елдерінде осы мәселеге қатысты біртұтас ұстаным байқалмайды.

Араб елдері арасында үш түрлі реакция байқалды. Сауд Арабиясы мен БАӘ Ауғанстанда билік ауысуына қатысты айқын ұстаным білдірместен, осы елдің халқын қолдайтынын, елде тұрақтылық орнату қажеттігін айтты.  

Сауд Арабиясының королі Малек Салман бен Абдулазиз бастаған Министрлер кабинеті сейсенбі күні: «Бұл ел Ауғанстан халқының жанынан табылады. Тез арада елде тұрақтылық орнайтынына үміттенеді»,-деп мәлімдеді. БАӘ де: «Ауғанстандағы өзгерістерді жіті бақылап отырмыз. Бұл елде тез арада тұрақтылық пен қауіпсіздік орнауы қажет»,-деп мәлімдеді.

Эр-Рияд пен Абу-Дабидің реакциясында АҚШ-қа сенгенге алаңдаушылық  пен қорқыныш байқалады. Өйткені АҚШ керек кезде одақтастарын қолдамайды. Сауд Арабиясы осыған дейін 2011 жылы АҚШ-тың Мысырдың сол кездегі басшысы Хұсейн Мұбарак пен Тунистің сол кездегі басшысы Зейнеддин бен Әлиді қолдамағанына наразылық білдірді.

Араб елдері реакциясының екінші тобы Катарға тиесілі. Катар соңғы жылдарда Талибанды қабылдап келді. Бірнеше рет Ауғанстан үкіметі мен Талибан тобы арасында келіссөздерді ұйымдастырды. Катар осындай келіссөздер өткізу арқылы Талибан тобына ықпал ете алатын араб елдерінің қатарына жатады. Қазір де осы ықпалды Ауғанстанда атысты тоқтату бітімін орнатуға жұмсауға талпынып жатыр.     

Осы орайда Катардың СІМ өз мәлімдемесінде: «Талибан делегациясымен отырыста бейбіт тұрғындарды қолдау және Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға талпыныстарды арттыру баса айтылды. Доха Ауғанстан жерінде жаппай және тұрақты түрде атыстың тоқтатылуын талап етіп отыр»,-деп мәлімдеді.

Шын мәнінде Катардың ұстанымы көрсеткендей, бұл ел Ауғанстандағы өзгерістерде рөл ойнауға талпынып жатыр, трансаймақтық ойыншылармен бірге Талибан тобының билікке келгенін қабылдап, адам шығынын болдырмай Ауғанстанды дағдарыстан шығару қажеттігін баса айтып отыр.

Араб елдері реакциясының үшінші тобы Йемен мен қарсыласу тобына мүше елдерге тиелісі. Йемендіктер жалдамалыларды Ауғанстандағы Ашраф Ғанидің тағдырынан ғибрат алуға  шақырды. Қарсыласу тобына мүшелердің кейбіреулері Талибан мен Ауғанстан халқын америкалық әскерилерді шығаруымен құттықтап: «Қарсыласу ақыр соңында басқыншылардың шығарылуына себеп болады»,-деп қуаттады. Шын мәнінде араб ойыншылардың бұл тобы Ауғанстандағы өзгерістердің басқыншылық пен үстемдікке қарсы болмысына баса назар аударып отыр. Олар батысшылдарды Ауғанстанда Батысқа арқа сүйегендердің тағдырынан ғибрат алуға шақырды.