Талибан Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құрды
Талибан басшылары Ауғанстанды басқару үшін 12 адамнан тұратын кеңес құрды.
Кеңес құрамында Талибан басшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Молда Абдулғани Барадар, Халил Хақани тобының аға мүшесі молда Мұхаммед Омардың ұлы молда Мұхаммед Яғуб, Абдулла Абдулла, Хамед Карзай, Ханиф Атмар жəне Гүлбеддин Хекматияр бар.
Ауғанстанда билік вакуумы орнағанына 10 күндей болды. Талибан баршаны қамтитын үкімет құруды көздеп отырғанын мəлімдеді.
Бір Талибан бұған дейін америкалық әскерилер Ауғанстаннан толық шықпайынша жан-жақты үкімет құрмайтынын айтқан болатын.
Қазіргі таңда АҚШ пен Ұлыбританияның 6 мыңнан аса сарбазы Кабул əуежайында америкалықтар мен босқын ауғандарды эвакуациялаумен айналысып жатыр.