БҰҰ Бас хатшысы Иран үкіметімен әріптесуге дайын екенін жариялады
(last modified Tue, 31 Aug 2021 09:19:41 GMT )
Там 31, 2021 15:19 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы Иран үкіметімен әріптесуге дайын екенін жариялады

БҰҰ Бас хатшысы Иран Президентіне жолдауында осы ұйымның Теһран үкіметімен әріптесуге дайын екенін хабарлады.

Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Антониу Гутерреш сейіт Ибраһим Раисиге хатында оны президенттік кезеңінің басталуымен құттықтап: «БҰҰ мен оның бас хатшысы әлемнің түкпір‑түкпірінде  бейбітшілік, қауіпсіздік  пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету және адам құқығын сақтау үшін Иранның жаңа үкіметімен жұмыс істеуге дайын»,-деді.

Антониу Гутеррештің хатында: «Сіздің президенттік кезеңіңіздің басталуы Иран, аймақ және әлем үшін ауыр жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр. Түрлі түйткілдер, соның ішінде коронавирустың жаппай таралуы, климаттық өзгерістер және әсіресе Батыс Азияда ұзаққа созылған жойқын қақтығыстармен бетпе-бет келіп отырмыз»,-делінген.

БҰҰ Бас хатшысы Раисиге хатында: «Осы ұйымның жарғысында айтылған құндылықтар пен арман-мақсаттарды ілгерілетуді жалғастыру үшін Иран үкіметімен әріптестікке үміт артып отырмыз»,-деді.