Иранның спорт керуені Токио паралимпиадасында тоғызыншы алтынға ие болды
https://itolqyn.com/news/world-i54988
Ирандық мерген Захра Немати бейсенбі күні Токио паралимпиадасында садақ атудан өзінің италиялық бәсекелесін жеңіп, алтын медаль алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2021 23:55 Asia/Almaty

Ирандық мерген Захра Немати бейсенбі күні Токио паралимпиадасында садақ атудан өзінің италиялық бәсекелесін жеңіп, алтын медаль алды.

Токионың «Юменушима» саябағында өткен садақ ату жарысының финалында Захра Немати ирандық спортшылардың қоржынына тоғызыншы алтын салды.

«Жүректер сардары» деп аталатын ирандық спорт керуені Токио паралимпиадасында 9 алтын, 7 күміс және 1 қолаға қол жеткізіп, командалық есепте 13-ші орынға тұрақтады.