Футболдан әлем кубогы: Иран Сирияны жеңді
https://itolqyn.com/news/world-i55006-Футболдан_әлем_кубогы_Иран_Сирияны_жеңді
Иранның ұлттық футбол командасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем кубогына іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде Сирия командасын жеңді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 03, 2021 17:31 Asia/Almaty
  • Футболдан әлем кубогы: Иран Сирияны жеңді

Иранның ұлттық футбол командасы 2022 жылы Катарда өтетін әлем кубогына іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуінде Сирия командасын жеңді.

Иранның ұлттық футбол командасы бейсенбі күні Теһранның «Азади» спорт кешенінде өткен іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде Сирия ұлттық футбол командасымен ойнап, 1:0 есебімен басым түсті.  

Иран командасы осы жеңіспен 2022 жылы Азия құрлығында өтетін футбол чемпионатының  «А» тобында көш бастады. Бұл топта Оңтүстік Корея, Ирак, БАӘ, Сирия мен Ливан командалары бар.

Иранның футбол командасы келесі сейсенбі Катардың Доха қаласында өзінің келесі бәсекелесі Ирак командасымен бақ сынасады.