Раиси: ШЫҰ жаһандық көпжақтылықты алға ілгерлетуші күшке айнала алады
(last modified Fri, 17 Sep 2021 14:29:44 GMT )
Қыр 17, 2021 20:29 Asia/Almaty
  • Раиси: ШЫҰ жаһандық көпжақтылықты алға ілгерлетуші күшке айнала алады

ИИР Президенті: «ШЫҰ жаһандық көпжақтылықты алға ілгерлетуші күшке айнала алады»,- деді.

Раиси жұма күні ШЫҰ 21-ші саммитіне қатысу үшін жиналған ел басшылары мен жоғары лауазымды өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде: «ШЫҰ өзінің экономикалық, саяси, құндылықтық және демографиялық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жаһандық көпжақтылықты алға ілгерлетуші күшке айнала алады. Бұл мәселе дамушы елдердің ортақ құндылықтарына негізделген қоғамды қалыптастыру платформаның қалыптасуын көрсетеді»,- деді. Ол ИИР-ның сыртқы саясатының әрқашан біржақтылыққа қарсы болуын және халықаралық ұйымдарға белсенді қатысу, көпжақтылық пен әділдікке, ынтымақтастыққа, өзара сыйластыққа, халықаралық және аймақтық қатерлерге қарсы сындарлы рөл атқару қажеттілігіне негізделгенін қуаттап: «Әсіресе экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту ШЫҰ-ның әлемдік экономикадағы стратегиялық рөлін арттырудың маңызды факторы болып табылады»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті бүгін әлемнің жаңа дәуірге енгенін, гегемония мен біржақтылықтың төмендеп бара жатқанын мәлімдеп: «Халықаралық жүйе көпжақтылық пен күш-қуатты тәуелсіз елдердің пайдасына тарату бағытында өзгеруде. ШЫҰ мен оның көңіл-күйі, яғни өзара сенім, ортақ мүдделер, теңдік, өзара кеңесу, мәдени әртүрлілікті құрметтеу және ортақ даму ұстанымдары - 21 ғасырда бейбітшілікті сақтаудың негізгі құралдары»,- деді.