Иранның волейбол командасы Азия чемпионы атанды
https://itolqyn.com/news/world-i55358-Иранның_волейбол_командасы_Азия_чемпионы_атанды
Волейболдан Азия чемпионатының 21-ші кезеңі бүгін Жапонияда Иран командасының жеңісімен аяқталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 19, 2021 21:56 Asia/Almaty
  • Иранның волейбол командасы Азия чемпионы атанды

Волейболдан Азия чемпионатының 21-ші кезеңі бүгін Жапонияда Иран командасының жеңісімен аяқталды.

Иран командасы финалда Жапонияны 3:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.

Азия чемпионаты Жапонияның Чиба және Фунабаси қалаларында 16 волейбол команданың қатысуымен өтті.

Иран мен Жапония командалары Волейбол-2022 әлем чемпионатының финалына жол тартты.