Қыр 20, 2021 21:47 Asia/Almaty
  • Трамп мигранттарға бұрын соңды болмаған құрметсіздік көрсетті

Мигранттарға талай рет тіл тигізе сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзінің жаңа ұстанымында елге ондаған мың мигранттың ағылып жатқанына тоқталып: "АҚШ адамзат канализациясына айналып барады. Қанішерлер, есірткі заттарын сатушылар жəне түрлі қалыптағы қылмыскерлер мигранттардың басым бөлігін құрайды",-деді.

Трамп президент болып тұрған кезде əрдайым миграцияға қарсы ұстаным білдіріп, мигранттарға тіл тигізіп, қатаң саясат қабылдап, Обама кезеңінде қабылданған "Дака" заңы сияқты миграциялық саясаттың күшін жойып, кейбір ислам елдерінен мигранттардың келуіне тыйым салу арқылы мигранттардың АҚШ-қа кірер жолын жабуға тырысты. Олардың болуын АҚШ қоғамының əлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарының негізгі себептерінің бірі деп санады.

Ол өз президенттік кезеңінде "Алдымен АҚШ" деген ұранды жарнамалап, мигранттарға тіл тигізу арқылы бəрінен бұрын нәсілшілдікті таратып, қара нәсілділер мен мигранттарды екінші санаттағы азаматтар деп атады.

Трампты сынаушылардың сенімінше, оның сөздері - АҚШ-та нәсілшілдік пен қауымдық қайшылықтардың өрши түсуіне себеп болған жəне ақ нəсілділерді діни жəне нəсілшіл азшылықтарға қарсы қатыгез шараларға итермелеген маңызды факторлардың бірі.

Трамп сан рет түрлі түстілер мен мигранттарға қатысты нəсілшіл ұстаным білдірді, тіпті түрлі түсті немесе латын мигрант саясаткерлерді өз елдеріне қайтаруды талап етті.

АҚШ-та Джо Байден билік басына келгеннен кейін Трамптың кейбір миграциялық саясатын тоқтатты, бірақ көптеген елде, əсіресе Латын Америкасы елдерінде саяси-əлеуметтік жағдайдың бұзылуы, коронавирустың таралуы, экономикалық дамудың бәсеңдеуі, жұмыссыздықтың артуы, кейбір елдерде соғыс пен қатыгездіктің жалғасуы мигранттардың АҚШ шекараларына ағылуына себеп болды.

Джо Байден билік басына келгелі бері үнемі оның саясаттарын сынаумен болған Дональд Трампқа жақсы жағдай қалыптасты. Ол тағы да Байденнің миграциялық саясатын сынап, мигранттарға тіл тигізді.Байден Трамп заманындағы кейбір қатаң ережелерді қайта енгізсе де, мигранттардың АҚШ-қа ағылуы бəсеңдемей тұр. АҚШ жеріне кірген мигранттардың көбінің жағдайы ауыр.

Тегтер