Өзбекстан мен Қазақстан басшылары кеңесті
(last modified Tue, 21 Sep 2021 11:35:45 GMT )
Қыр 21, 2021 17:35 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан басшылары кеңесті

Өзбекстан Президенті мен Қазақстан Елбасы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне тоқталды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың, тату көршілік пен стратегиялық серіктестік және келешегі туралы талқылады. Тараптар аймақтар арасындағы мәдени алмасуды одан әрі дамытудың маңыздылығын қуаттап: «Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өсуде, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобалар сәтті жүзеге асырылуда»,- деп мәлімдеді. Бұл сұхбатта Ауғанстандағы жағдай талқыланды. Қазақстан оы кезде Өзбекстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Қазақстан Өзбекстанның тәуелсіздігін 1992 жылы 23 қазанда мойындады және сол күннен екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

 

Тегтер