Қыр 23, 2021 20:12 Asia/Almaty
  • Иран Ташкентте өтетін халықаралық кинофестивальге қатысады

Иран өкілдері Ташкентте өтетін «Ұлы жібек жолының меруерті» атты халықаралық кинофестивальге қатысады.

Бұл халықаралық кинофестиваль 28 қыркүйектен 3 қазан аралығында Өзбекстанның бірнеше қаласында өтеді.

Ташкенттің «Ұлы жібек жолының меруерті» атты халықаралық кинофестивалі бейбітшілік, таным және даму ұранымен өтеді.

Бұл кинофестивальде әлемнің 22 елі, соның ішінде Иран, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Германия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Кения, Қырғызстан, Марокко, Мексика, Ресей, Тәжікстан, Украина, Филиппин, Швейцария, Эстония, Оңтүстік Корея және Жапонияның жас режиссерлері қатысады.

Жеңімпаздарға құрмет грамотасы, мүсінше және ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.  

Тегтер