Иран құрамасы – футболдан әлем чемпионатына үміткер мықты команда
https://itolqyn.com/news/world-i55656-Иран_құрамасы_футболдан_әлем_чемпионатына_үміткер_мықты_команда
Азия футбол конфедерациясы өз есебінде Иран құрамасын Катарда өтетін Футбол-2022 әлем чемпионатына үміткер мықты команда деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 03, 2021 15:25 Asia/Almaty
  • Иран құрамасы – футболдан әлем чемпионатына үміткер мықты команда

Азия футбол конфедерациясы өз есебінде Иран құрамасын Катарда өтетін Футбол-2022 әлем чемпионатына үміткер мықты команда деп атады.

Осы мәліметке сәйкес, Драган Скошичтің қарамағындағы Иран футбол командасы осы күнге дейін  Азия аймағында өткен іріктеу ойындарындағы ең мықты команда болды. Әлиреза Джаханбахш Нидерланды премьер-лигасына қайта оралып, «Фейеноорд» құрамасына қосылғалы бері өзінің ғажайып күшін қайта тапты.  

Иран командасы Ирак және Сирия құрамаларынан басым түсіп, екі ойыннан 6 ұпай жинап, топтағы екі үздік команданың арасында тұруға мүмкіндік алды.  

Иран командасы іріктеу ойындарының жалғасында 7 қазанда БАӘ құрамасымен, 12 қазанда Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.