Башар әл- Жафари: Дамаск Башар Асадтың тағдыры туралы келіссөз жүргізбейді
Сәу 19, 2016 21:15 Asia/Almaty
Женева отырысындағы Сирия үкіметінің келісімгер тобының төрағасы Башар әл- Жафари БҰҰ- ның арағайындығымен өтетін үдерісте Сирия президенті Башар Асадтың тағдыры туралы келіссөздің жүргізілмейтінін мәлімдеп:
"Женевадағы Сирияның жалғыз мақсаты жалпы ұлттық үкіметке қол жеткізу болып табылады. Ресми Дамаск Женева бейбітшілік келіссөзінде осы мақсатқа қол жеткізуге мүдделі" деді. «Келіссөздердің жоғары комитеті» деп аталатын Сирия үкіметі қарсыластарының келісімгер тобы өткен дүйсенбі күні Женева келіссөзіне қатысуды Сириядағы адами нашар жағдайға байланысты кейінге қалдыратындықтарын мәлімдеді.
Тегтер