Батыс елдері басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасады
(last modified Sun, 31 Oct 2021 13:50:28 GMT )
Қаз 31, 2021 19:50 Asia/Almaty
  • Батыс елдері басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияның басшылары сенбі күні Римде өткен G20 басшылары саммиті аясындағы кездесуден кейін Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жайлы сұхбаттасып, ортақ мәлімдеме жасады.

Олар Ираннан ядролық келіссөздерді ізгі ниетпен қайта бастап, Теһран мен Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуына жағдай жасауды сұрады. АҚШ пен Еуропа үштігінің ортақ мәлімдемесі батыстықтардың Иранды әскери мақсатта ядролық жұмыстар жүргізіп жатыр деп айыптау үшін психологиялық қысым мен жарнама жасауды көздейтінін көрсетеді. Бұл Иран мен Еуроодақтың қараша айында Вена келіссөздерінің жетінші кезеңін өткізу жайлы кеңесіп жатқан шағында жасалып отыр.

Олардың мақсаты – алдағы келіссөз барысында өздерінің шектен тыс талаптарын орындау, яғни ядролық шектеулерді кеңейту және ұзарту, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оның аясынан тыс мәселелер, яғни Иранның зымырандық қуаты мен аймақтық саясатын кіргізу.

Батыстың төрт елі басшылары, әсіресе АҚШ Президенті Джо Байден Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қазіргі тығырыққа тірелген жағдайына өздерінің кінәлі екендерін ұмытып кеткен сыңайлы. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2018 жылы мамырда АҚШ-тың біржақты негізде ядролық келісімнен шыққанын жариялап, Иранды өзінің заңсыз талаптарына көндіру үшін барынша қысым майданы аясында бұрын-соңды болмаған санкциялар салып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалуға бағытталған кез келген жобаға қарсы шығатынын айтты.  

Джо Байден: «Трамп ядролық келісімнен шығу арқылы қателік жасады, АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне қайшы іс істеп, ел оқшаулана түсті»,-деп мойындады.

АҚШ-тың 2018 жылы мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан біржақты негізде шыққанынан кейін еуропалықтар да іс жүзінде осы бағдарламаға қатысты өз міндеттемелерін орындауға және АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларының әсерлерін азайтуға қажетті ешқандай қадам жасамады. Былайша айтқанда келісімде сырттай болды. Сондықтан Иранға қарыз.

Еуропа елдерінің әрекетсіздігіне реакциясында Иран бес қадам жасап, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарына сәйкес өз міндеттемелерін азайтты. Иран ядролық келісімнен тыс қадамдар жасады, соның ішінде уран қорын көбейтіп, уран байыту деңгейін арттырып, жаңа центрифугаларды іске қосты. Теһран үкіметі Ислам Кеңесі Мәжілісінің қаулысына сәйкес қосымша протоколды ерікті түрде орындауды тоқтатты. Бұл шаралардың барлығы тек АҚШ-тың жауластық әрекеттеріне және еуропалықтардың өз міндеттемелерін орындамауына реакция ғана.   

Саяси сарапшы Хасан Бехештипур: «Еуропалықтар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тастап кете алмайды. Олар бір нәтижеге жеткісі келеді. Ал басты қиындық – АҚШ»,-деді.

Қазір доп батыстықтардың алаңында. Олар уақытты босқа өткізіп, ядролық келісімге қайшы қисынсыз талаптар қоюдың орнына Вена келіссөздерін осы келісімді қайта жандандырып, санкцияларды жою мақсатында қайта бастауы керек.