Біржақты санкциялар – даму мақсаттарын орындауға кедергі
ИИР-ның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі: «Біржақты санкциялар солардың әсеріне түсіп отырған елдерге тұрақты даму мақсаттарын орындауға және қаржы көздеріне қол жеткізуге кедергі болып отыр»,-деді.
Маджид Тахтраванчи БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау: мұқтаждық, теңсіздік және кикілжің» тақырыбында сөз сөйлеп: «Мұқтаждық пен теңсіздік сияқты тақырыптар кикілжіңді қоздыратын факторларға айналып, қақтығысушы елдердің тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мұрсатын азайтады»,-деді.
Соңғы онжылдықтарда экономикалық санкциялар мықты мемлекеттер үшін басқа елдерге әлемдік сахнада қысым жасау құралына айналды. 1990 жылдың басында АҚШ, Еуроодақ пен басқа да экономикасы дамыған мемлекеттер басқа елдерге қарсы сан рет экономикалық санкциялар салды. Бұл санкциялар ядролық қарулардың таралуына тосқауыл қою немесе адам құқығын қорғау сылтауымен салынды. Алайда олардың артында саяси мақсаттар тұрғаны анық.
Зорлықшыл елдер санкция салу әскери шаралардың орнына қолданылатынын айтып ақталады. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Вудро Вильсон: «Санкцияға ұшыраған ел тізе бүгу немесе қоршауға түсу алдында тұрады. Осындай бейбіт әрі тыныш экономикалық шара қолдансаңыз, әскери күштің қажеті жоқ»,-деген болатын.
Ал санкциялардың елдерге антигуманистік әсер беретінін жоққа шығаруға болмайды. Экономикалық зерттеушілердің санкциялардың түрлі елдерге ықпалы туралы зерттеулері көрсеткендей, санкциялар табыс теңсіздігі мен кедейлікті өршітіп, жалпы ішкі өнім өсімінің баялауына әкеліп соқтырады. Мысалы, АҚШ-тың 1991-2018 жылдар аралығындағы санкциялары нысанаға алынған елдерде кедейліктің шамамен 3,5 пайызға артуына, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсу көрсеткішін 2 пайыздан аса төмендеуіне әкеліп соқтырды.
АҚШ-тың біржақты санкцияларына ұшыраған Иранда сауда-саттық баяулады, үкіметтің қаржы көздерінің бір бөлігі жойылды немесе бұғатталды. Мұның өзі елде кедейлік, инфляция мен халыққа экономикалық қысымның артуына себеп болды. Сондықтан зорлықшыл елдердің «Санкциялар халыққа әсер етпейді» деген уәждерін қабылдауға болмайды.