Қар 18, 2021 19:19 Asia/Almaty
  • Абдуллахиан: Санкциялар жойылса, Иран аймақтық әріптестікте мықтырақ әрекет етеді

Иран Сыртқы істер министрі: "Санкцияларды жойып, Иранның құқықтарын қайтару экономика мен адамгершілік тұрғысынан оң әсер етуімен қоса, ИИР-ның аймақтық әріптестікте, әсіресе Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастық одағында мықтырақ әрі тиімдірек әрекет етуіне себеп болады",-деді.

Абдуллахиан Бангладештің ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастық одағының министрлер кеңесінің 22-ші отырысында сөйлеген сөзінде: "Бұл ұйым аясында әріптестік жасаған жиырма жылдан аса уақыт ішінде одақтың экономикалық ынтымақтастық саласындағы потенциалды мүмкіндіктері айқын байқалды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Иран аймақтық ынтымақтастықта зор әлеует барын біледі, сондықтан Үнді мұхиты маңындағы елдермен қарым-қатынасын кеңейтіп жатыр",-деді.

Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастық одағы – 1997 жылы Үндістанның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым.

Тегтер