Түркияда лираның құны тағы түсіп кетті
(last modified Fri, 19 Nov 2021 10:47:27 GMT )
Қар 19, 2021 16:47 Asia/Almaty
  • Түркияда лираның құны тағы түсіп кетті

Түркияда лираның долларға шаққандағы құны тағы рекорд жаңартты. 1 доллар 11 лираға сатылып жатыр.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, лира құны Түркия Орталық банкінің кеше қабылдаған шешімінен кейін түсіп кетті. Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 100 сатыға төмендетіп, 15 пайызға өзгертті.

Түркия өткен бірнеше айда ұлттық валютаның бұрын соңды болмаған құлдырауына және инфляция деңгейінің артуына куә болды. Халықтың ауқымды наразылығы ел басшысы Режеп Тайып Ердоғанның беделінің қатты төмендеуіне әкеліп соқтырды.