Үндістанда болған су тасқынынан 15 адам қаза тапты
(last modified Mon, 22 Nov 2021 09:59:58 GMT )
Қар 22, 2021 15:59 Asia/Almaty

Үндістанда жауған жаңбыр ондаған адамның із-түссіз жоғалып, 15-тен аса адамның қаза табуына алып келді.

Метеорологиялық мәліметтерге сәйкес, Үндістандағы жауын-шашын мөлшері 20 см-ге жетті. Андхра-Прадеш штатындағы Райаласима және тағы бір жағалаулық аудан толық қиратылды. Толассыз жаңбыр салдарынан осы күнге дейін 15-тен аса адам қаза тауып, 100 адам із-түссіз жоғалып кетті.