Жел 08, 2021 20:40 Asia/Almaty
  • Путин мен Байденнің виртуалды кездесуі және Украинаға қатысты шиеленіс жалғасуда

Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбіде АҚШ Президенті Джо Байденмен бейнеконференция арқылы кездесті. Екі ел президенттері түрлі мәселелерді талқылады.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның айтуынша, келіссөздерде Украина мәселесі талқыланды және Байден АҚШ-тың Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын баса айтты.

Салливанның мәліметінше, Байден Ресей Украинаға басып кіретін болса, АҚШ пен оның одақтастары күшті экономикалық шаралармен жауап беретінін ашық айтты. Керісінше, Кремль сейсенбі күні кешке Путин-Байден диалогы туралы мәлімдеме жасап: «Вашингтон Украина дағдарысында барлық кінәні Ресейге артып, қателесті»,- деп мәлімдеді. Путин Байденді АҚШ-тың НАТО-ның Ресей шекарасына дейін кеңеймейтініне кепілдік беруге және сонымен бірге екі елдегі дипломатиялық өкілдіктердің қызметін азайтуға бағытталған барлық екіжақты әрекеттерді тоқтатуға шақырды. Шығыс Еуропадағы саяси және әскери дағдарыстың шиеленісуіне байланысты Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Ресейдің Украинаға жаппай басып кіру ниеті және осыған байланысты қажетті дайындықтарды жасау ниеті туралы шағымдары мен айыптауларының артуы аясында өткен Ресей және АҚШ президенттерінің кездесуі ерекше маңызға ие. Байден дүйсенбі күні Путинмен кездесуге дайындалу үшін еуропалық басшылармен сөйлесіп, кездесуден кейін еуропалық басшылардың Украинаға қатысты «бірыңғай майдан» құруға келіскенін айтты. Вашингтон сондай-ақ: «Ресейдің 2014 жылы Украинаға алғашқы әскери шабуылы Шығыс Еуропаға көбірек әскер мен техника жіберуге себеп болды және қазіргі кезде АҚШ-тың да дәл осылай әрекет етеді»,- деп жариялады. АҚШ барлау көздері: «Алдағы бірнеше айда Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін, өйткені  Украинамен шекарасына 175 мың әскерін орналастырды»,- деп мәлімдеді. Украина басшылары да Мәскеудің шабуылды 2022 жылдың қаңтарында немесе ақпан айының басында бастайтыны туралы уәжденді.

Шын мәнінде, бұл виртуалды кездесу Вашингтонның Мәскеуге Украинаға қарсы кез келген шабуылға ультиматум және мұның салдары, атап айтқанда, Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған және кең таралған санкциялар туралы елеулі ескерту. Байден үкіметі мұнымен шектелмей, Украинаны қолдау үшін жүздеген миллион долларлық әскери және қару-жарақ көмегін көрсету және украиналық әскерлерімен бірлескен жаттығулар өткізу сынды практикалық қадамдар жасады. Американың барлау қоғамының пікірінше, Путин әлі Украинаға әскери соққы беру туралы шешімге келген жоқ. Сондықтан Байденнің Путинге айтқан ескертулері нәтиже беруі мүмкін деп санайды. Саяси сарапшы Дмитрий Тернин:  «Ресейдің Украинамен, НАТО-мен, Германия мен Франция сияқты Еуропалық Одақтың жетекші державаларымен іс жүзіндегі Украинаға қатысты дипломатиясы  АҚШ-қа тіреліп,  сал болып тұр», - деді.  Ресейдің Украинаға ықтимал басып кіруі туралы Батыстың дүрбелеңіне қарамастан, Мәскеудің көзқарасы бойынша, бұл әрекеттердің барлығы шын мәнінде Ресейдің теріс имиджін көрсету және антиресейлік әрекеттерді, әсіресе санкцияларды  күшейтуді көздейтін психологиялық және насихаттық соғыс.

 

 

 

Тегтер