АҚШ пен Қазақстанның 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастық бағдарламасы дайындалды
(last modified Mon, 13 Dec 2021 20:02:59 GMT )
Жел 14, 2021 02:02 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Қазақстанның 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастық бағдарламасы дайындалды

Қазақстан мен АҚШ Қорғаныс министрліктерінің өкілдері өзара ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі мен екі елдің 2022 жылға бағытталған әскери ынтымақтастық бағдарламасының алғынұсқасын талқылады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы кездесу барысында тараптар екі елдің әскери дайындық, бейбітшілікті сақтау, жабдықтау, медициналық қызметкерлер мен әскери инженерлерді дайындау саласында әріптесудің маңыздылығын атап өтті.  

Айта кету керек, екіжақты ынтымақтастық саласындағы осы тақырыптар мен басқа да мәселелер 2023-2027 жылдарға арналған 5 жылдық әрекеттестік бағдарламасына енгізілген.

Осы отырысқа қатысушылар келесі жұмыс жиналыстарында қазақ және америкалық мамандардың екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылайтынын айтты. 

Тегтер