Раиси Иран-Венгрия ортақ комиссиясын құру қажеттігін айтты
(last modified Fri, 17 Dec 2021 08:55:12 GMT )
Жел 17, 2021 14:55 Asia/Almaty

Иран Президенті Иран мен Венгрия арасында саяси-экономикалық әріптестікті дамыту үшін ортақ комиссия құру қажеттігін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто Шығыс Еуропаның Иранмен қарым-қатынасын тарихи маңызы зор байланыс деп атап: «Егер Шығыс Еуропа елдері тәуелсіз әрекет етсе, саяси-экономикалық тұрғыдан пайдалы болады»,-деді.  

Раиси ауғандықтардың Еуропа елдеріне ағылуына тоқталып: «НАТО мен АҚШ күштерінің Ауғанстанда 20 жыл болуының жемісі кісі өлтіру, қылмыс жасау, қан төгу мен халықтың бейшара халге түсуі болды. 30 мыңнан аса ауғандық бала елдегі америкалықтардың салдарынан мүгедек болып қалды»,-деді.

Петер Сийярто осы кездесуде: «Біздің сенімімізше, Батыс елдері мен НАТО Ауғанстан мәселесінде тек өз мүдделерін қорғады. Ал енді біз ауғанстандық мигранттардың қалың нөпіріне алаңдап отырмыз»,-деді.