Амир Абдуллахиан: Ауғанстан мәселесін шешу жолы – барлық қауымдардың қатысуымен біртұтас үкімет құру
https://itolqyn.com/news/world-i57578-Амир_Абдуллахиан_Ауғанстан_мәселесін_шешу_жолы_барлық_қауымдардың_қатысуымен_біртұтас_үкімет_құру
Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің Ауғанстандағы өзгерістерге алаңдайтынын айтып: "Біртұтас үкімет құрудың басты жолы – Ауғанстанда барлық қауым өкілдерін қатыстыру",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 19, 2021 19:04 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Ауғанстан мәселесін шешу жолы – барлық қауымдардың қатысуымен біртұтас үкімет құру

Иран Сыртқы істер министрі Теһран үкіметінің Ауғанстандағы өзгерістерге алаңдайтынын айтып: "Біртұтас үкімет құрудың басты жолы – Ауғанстанда барлық қауым өкілдерін қатыстыру",-деді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні таңертең Пәкістан астанасы Исламабадқа барар алдында IRNA  ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің  төтенше отырысының басты тақырыбы – Ауғанстандағы өзгерістерді талқылау. ИИР осы өзгерістерге алаңдаулы",-деді.

Ол Ауғанстанда лаңкестіктің артуы және соңғы айларда бұл елден Иранға қарай ағылған босқындар толқынын Теһран үкіметін алаңдататын мәселелердің қатарына жатқызып: "Біздің пайымдауымызша, Ауғанстан мәселесін шешу жолы – барлық қауымдардың қатысуымен біртұтас үкімет құру",-деді.