Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы 10,5 млрд долларға жетті
https://itolqyn.com/news/world-i57604
Иран Кеден басқармасының баспасөз өкілі: "Ағымдағы жылдың 8 айында Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 34 пайызға, құны тұрғысынан 44 пайызға артты",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 20, 2021 18:34 Asia/Almaty
  • Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы 10,5 млрд долларға жетті

Иран Кеден басқармасының баспасөз өкілі: "Ағымдағы жылдың 8 айында Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 34 пайызға, құны тұрғысынан 44 пайызға артты",-деді.

Лотфи: "Осы 8 айда Иран мен  ЭЫҰ-ға мүше елдер арасында құны 10 447 084 435 долларды құрайтын 21 778 387 тонна тауар алмасылды",-деді.

Лотфи: "Иранның ЭЫҰ-ға мүше 9 елге экспорты осы аралықта 18 631 000 тоннадан асты, тауар құны 6 823 246 367 долларға жетті. Өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда салмақ бойынша 46 пайызға, құны тұрғысынан 54 пайызға артты",-деді.