Басқа елдерде ирандық көлік жасау қайта басталды
Жел 20, 2021 19:47 Asia/Almaty
Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрі: "Сенегал, Әзірбайжан республикасы, Сирия мен Иракта ирандық көлік жасау кәсіпорындары мен өндіріс желісі қайта жанданып, дамытылып жатыр",-деді.
Фатемиамин: "Шамси жыл санағы бойынша 1404 жылға дейін жасалған көліктердің 30 пайызын экспорттауды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатта басқа елдерде көлік жасау желісін ашып, дамыту қажет",-деді.
Фатемиамин: "Тарифтік кедергілер мен шектеулер болуы мүмкін толық жабдықталған көлікті экспорттаудың орнына Сирия, Ирак, Сенегал мен Әзірбайжан республикасы сияқты елдерге көліктің бөлшектерін жібере аламыз. Сонда тарифтік кедергі болмайды немесе қиыншылық азырақ болады",-деді.
Тегтер