Обама: Қарсыластарды қаруландыру арқылы Сирия режимін өзгерту идеясы тиімсіз
АҚШ Президенті үкіметті өзгерту мақсатында Сирия мен басқа елдерде қарсыластарды қаруландыру идеясының тиімсіз екенін мойындап, Сирия дағдарысын дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Барак Обама АҚШ-тың BBC телеарнасына берген сұхбатында америкалық әскери күштердің Сирияға аттандырылмауына қатысты сын пікірлерге білдірген реакцияда: "Біз Ирак пен Ауғанстандағы соғыстан сабақ алдық. Сириядағы тағы бір соғысқа араласу қисынсыз әрекет болады. Бұл әрекет АҚШ-ты үшін үлкен қателікке душар етеді" деді.
АҚШ Президенті тарих сириялық қарсылас топтарға ауқымды түрде қару жөнелтудің ешуақытта Башар Асад үкіметін құлатумен аяқталмайтынын көрсететінін мойындап: "АҚШ тарапынан бір үкіметтің қарсыластарын қаруландыру арқылы оның құлатылуы жаңа, тиімді үкіметтің құрылуына себеп болғанын көрсететін тарихта ешқандай үлгі жоқ" деді.
АҚШ Президенті сөзінің жалғасында Иран аймақтағы алпауыт ел болғандықтан Арабстан мен Иран арасындағы кез келген соғыстың аймақтағы басқа елдердің ешқайсысына пайда әкелмейтінін айтты.