Ашраф Ғани: Ауғанстан үкіметі АҚШ-қа сенгеннен құлады
(last modified Thu, 30 Dec 2021 12:45:08 GMT )
Жел 30, 2021 18:45 Asia/Almaty
  • Ашраф Ғани: Ауғанстан үкіметі АҚШ-қа сенгеннен құлады

Ауғанстанның бұрынғы Президенті өз үкіметінің құлау себебін шетелдік серіктестер, соның ішінде АҚШ-қа сену деп атады.

15 тамызда Талибан тобы Ауғанстанда билікті басып алғаннан кейін БАӘ-ге қашып кеткен Ашраф Ғани: «АҚШ ешқашан маған Талибанмен келіссөз жүргізуге мұрсат бермеді. Өзі Талибанмен сұхбаттасып, мені биліктен алып тастауға шешім қабылдады»,-деді.

Ауғанстанның бұрынғы Президенті: «Оққағарларым Кабулда мені қорғауға мүмкіндік жоғын айтқанда ғана елден кетуге шешім қабылдадым»,-деді.