Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшылары Қазақстан туралы видеоконференция өткізді
(last modified Mon, 10 Jan 2022 14:24:32 GMT )
Қаң 10, 2022 20:24 Asia/Almaty
  • Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшылары Қазақстан туралы видеоконференция өткізді

Кремльдің баспасөз хатшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер басшыларының Қазақстандағы соңғы тынышсыздықтар туралы видеоконференция өткенін хабарлады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дмитрий Песков: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен өткен видеоконференцияда Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның басшылары Қазақстандағы жағдайды қалыптандыру жолдарын талқылады»,-деді.  

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Алматыдағы жағдай салыстырмалы түрде тыныш, алайда лаңкестерге қарсы амалдар жалғасып жатыр.  

Тегтер