Тоқаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресіп, азаматтардың əл-ауқатын жақсарту қажеттігін айтты
(last modified Fri, 21 Jan 2022 12:14:15 GMT )
Қаң 21, 2022 18:14 Asia/Almaty
  • Тоқаев Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресіп, азаматтардың əл-ауқатын жақсарту қажеттігін айтты

Қазақстан Президенті елдегі соңғы тынышсыздықтар мен наразылықтардан кейін сыбайлас жемқорлықпен кесімді түрде күресіп, азаматтардың əл-ауқатын жақсартуды өзінің басты басымдығы деп атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан үкіметі ішкі және сыртқы инвесторлар мен сауда серіктестерінің сенімін арттыру үшін тиісті шаралар атқарады",-деді.

Тоқаев: "Табыстағы теңсіздікті жою, жұмыс орындарын ашу жəне инфляцияны тоқтату - халықтың алаңдаушылығын жоюға бағытталған үкімет бағдарламаларының бірі",-деді.

Бұған дейін 2 қаңтарда сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттағанына байланысты Қазақстан халқы жаппай наразылық акциясына шығып, Тоқаевтың отставкаға кетуін талап еткен болатын.Наразылықтар бүлікке айналғаннан кейін Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан бітімгер күштер жіберіп көмектесуін сұрады.

Тегтер