Қаң 21, 2022 18:31 Asia/Almaty

"Теңіз қауіпсіздігі-2022" атты əскери жаттығу Иран армиясы мен Сақшылар корпусының теңіз күштері жəне Ресей мен Қытайдың əскери кемелерінің қатысуымен Үнді мұхитының солтүстігінде басталды.

"Теңіз қауіпсіздігі-2022" атты əскери жаттығу штабының баспасөз өкілі: "Иран, Ресей мен Қытай əскери бөлімшелерінің қатысуымен отқа оранған кемені құтқару, ұрланған кемені азат ету, күндіз жəне түнде теңізде белгіленген объектілерді нысанаға алу сияқты тактикалық жаттығулар орындалады",-деп хабарлады.

"Теңіз қауіпсіздігі-2022" атты əскери жаттығу штабының баспасөз өкілі Үнді мұхитының солтүстік аймағының Баб-ул-Мандеб, Малака жəне Ормуз бұғаздары мен су жолдарының болуына байланысты аса маңызды екенін айтып: "Бұл үш бұғаз аймақта "алтын бұрыш" деп аталады. Оман теңізі мен Үнді мұхитының солтүстігі əлемдік саудада өміршең рөл атқарады",-деді.

Тегтер