Қаң 22, 2022 01:51 Asia/Almaty
  • Батыс елдері мен Ресейдің Украинаға қатысты текетіресі күшейді

Батыс елдері Ресейді Украинаға шабуыл жасауы мүмкін деп айыптауды жалғастырған соң Мəскеу мен Батыс елдері арасындағы текетірес жаңа сипат алды. Батыстың БАҚ өкілдері осы салада ауқымды ақпараттық соғыс жүргізіп жатыр.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бейсенбі күні Германияда: "Украинадағы жағдай Ресей мен НАТО арасындағы қақтығыстан əлдеқайда жоғары. Бұл елдегі дағдарыстың халықаралық салдары бар",-деп уəж айтты.

Блинкен Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесуінен кейін өткен бір баспасөз конференциясында: "Осы себепті АҚШ пен оның Еуропадағы серіктестері Украинадағы өзгерістерді жіті бақылап отыр",-деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "Мəскеу өз көршісі Украинаға қандай да бір шабуыл жасаса, Вашингтон мен оның серіктестері тарапынан жылдам, қуатты əрі біртұтас жауап алады",-деді.

Батыстың айыптауларына қарсы Кремль сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: "Ресейдің Украинаға басқыншылығы туралы болжамдар НАТО күштері мен əскери техникасын Ресейдің шекарасына жақын орналастыруға сылтау болып отыр",-деді.

АҚШ пен оның серіктестерінің айтуынша, Ресей күштерінің Украина шекарасы жəне Украина мен Беларусь шекарасында бұрын соңды болмаған деңгейде артуы осы ел үшін қатер саналады. Путин Украинаға шабуыл жасауды көздеп отыр.Мəскеу НАТО мен АҚШ-қа жоба ұсынып, Украинаның НАТО-ға мүше болмайтынына жəне Ресей шекарасына жақын жерге НАТО əскери құрал-жабдықтары орналастырылмайтынына сенімді кепілдік беруді сұрады. Əрине бұл талап НАТО, АҚШ пен Еуроодақтың қарсылығына ұшырады.

Foreign Policy газетінің халықаралық қатынастар жөніндегі теоретигі Стефан Уолт "Либералдардың жалған қиялдары Украина дағдарысына алып келді" тақырыбында жазған мақаласында НАТО-ны кеңейту идеясын сынап: "Ресейдің дəстүрлі ықпал аймағына АҚШ-тың демократиясын тарату жəне қауіпсіздігін кепілдендіру саясаты жақсы нəтиже бермейді. НАТО-ның кеңеюіне қарсылар "Ресей НАТО-ның ілгерілеуін өзіне қатер санайды. Оны жалғастыру Ресеймен байланысты бұзады" деп шұғыл түрде ескертті",-деді.

Украина дағдарысы ушыға түсіп, НАТО мен Ресейдің Еуропаның шығысындағы əскери текетіресі одан ары өршитін сыңайлы.

Тегтер