Сәу 23, 2016 16:10 Asia/Almaty
  • Зариф банктердің АҚШ-тың қатынасына қатысты алаңдаушылығының жойылуына үміт білдірді

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ мемелекеттік хатшысы Джон Керридің мәлімдемелері банктердің АҚШ-тың қатынасына қатысты алаңдаушылығын тудырып отырған мәселелердің шешілуіне жол ашады" деп үміт білдірді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф Нью-Йоркте АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен жұма күнгі кездесуінде: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы теңдікке негізделген келісім екенін және Иранның аталмыш бағдарламаға қатысты өз міндеттемелерін орындағанын барлық тараптардың білгені жөн" деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Иранның шетелдік банктермен қарым-қатынасына байланысты Джон Керридің сөзіне тоқталып: "Иран және "алтылық" тобы бұл маңызды мәселені келіссөздер жүргізу арқылы шешіп, ирандықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жүзеге асырылғаннан кейінгі өзгерістерді түсінуі үшін осы жолда оңтайлы қадамдар жасауды көздейді" деді.

АҚШ-тың Мемелекеттік хатшысы Джон Керри жұма күні: "АҚШ Теһран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық келісім шеңберіндегі шетелдік банктер мен Иранның байланысына қарсы емес" деп мәлімдеген болатын.

Тегтер