Талибан Қазақстандағы тәртіпсіздіктерде Ауғанстан азаматтары қатысты деген уәжге реакция білдірді
(last modified Thu, 03 Feb 2022 12:24:32 GMT )
Ақп 03, 2022 18:24 Asia/Almaty
  • Талибан Қазақстандағы тәртіпсіздіктерде Ауғанстан азаматтары қатысты деген уәжге реакция білдірді

Талибан Қазақстандағы бүліктерге Ауғанстан азаматтары араласты деген уәждерді теріске шығарды.

Талибан үкіметі ақпарат өкілінің орынбасары Анамулла Самангани Твиттердегі жеке парақшасында: "Кейбір ақпарат құралдарының Ресей басшыларына сілтеме жасап, Қазақстандағы бүліктерге Ауғанстан азаматтары араласты деп таратқан уәждерін негізсіз, шындыққа жанаспайды",-деп жазды.

Самангани: "Талибан үкіметі Қазақстанда туындаған қиыншылықтардың бейбіт әрі қисынды жолмен шешілуін қалайды. Талибан өз міндеттемесі аясында ешкімге Ауғанстан жерін басқа елге зиян тигізуге немесе олардың ішкі ісіне араласуына жол бермейді",-деді.  

Бұдан бұрынырақ Интерфакс ақпарат агенттігі Ресей федерациясының кеңесі басшысының орынбасары Константин Косачевке сілтеме жасап: "Қазақстандағы тәртіпсіздіктер елден тысқары жерде ұйымдастырылған. Қазақстандық наразылар арасында Орта Азия, Ауғанстан және Орта Шығыс елдерінен келген экстремистер болды",-деп жазды.

Тегтер