Джо Байден Сирияда ДАИШ-тың жаңа басшысының көзі жойылғанын айтты
(last modified Fri, 04 Feb 2022 11:02:55 GMT )
Ақп 04, 2022 17:02 Asia/Almaty
  • Джо Байден Сирияда ДАИШ-тың жаңа басшысының көзі жойылғанын айтты

АҚШ Президенті: "АҚШ күштері Сирияның Идлиб облысында ДАИШ-тың жаңа басшысының көзін жойды",-деп уәж айтты.

АҚШ Президенті Джо Байден бейсенбі күні осы ел күштерінің Сирияның Идлиб облысында өткен түнде жүргізген амалында ДАИШ-тың жаңа басшысы Абу Ибраһим әл-Құрейшидің көзі жойылғанын айтты.

Сирияның ақпарат құралдары: "АҚШ күштері өткен түнде Идлиб облысында жүргізген Hollyburn амалында 13 адам, соның ішінде бірқатар әйел мен бала қаза тапты"-деп хабарлады.

Бір америкалық басшы АҚШ армиясының Идлибте жүргізген амалында бірнеше бейбіт тұрғынның қаза болғаны туралы: "ДАИШ басшысы жарылғыш белбеуді іске қосты. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты",-деді.   

Сол америкалық басшы: "Әл-Құрейши жанұясының кейбір мүшелері де ол өзін жарылғыш белбеумен жарып жібергеннен кейін қаза тапты",-деді.

Кейбір ақпарат құралдары Идлибтегі амал барысында АҚШ армиясының бір тікұшағы құлатылғанын хабарлады.

Абу Ибраһим әл-Құрейши 2019 жылы ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр Бағдади өлтірілгеннен кейін осы топты басқаруды өз мойнына алды.

Тегтер