НАТО Қара теңіз маңындағы елдерге коалиция күштерін орналастыру туралы жаңа талабын білдірді
Ақп 12, 2022 14:07 Asia/Almaty
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) Бас хатшысы коалиция күштерін Қара теңіз маңындағы елдерге орналастыру туралы жаңа мәлімдеме жасады.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг жұма күні: «Қара теңіз елдерінде еуропалық қауіпсіздікті сақтау деген сылтаумен коалиция күштерін орналастыру туралы соңғы шешім НАТО қорғаныс министрлерінің келесі сәрсенбіде өтетін отырысында қабылданады»,- деп мәлімдеді. НАТО соңғы апталарда бұл ұйым мүшелерінің Ресейдің Украинаға ықтимал басып кіруіне қарсылық білдіру сылтауымен Шығыс Еуропа елдеріне көбірек әскер, қырғи ұшақтар мен әскери кемелер жіберетінін мәлімдеді.